Жаңалықтар

Футбол Kazpetrol Group vs KOP

17 мамыр 2022
733

Құрметті әріптестер,

15 мамырда біздің компания мен КОР арасында футболдан бірінші жолдастық кездесу өтті. Жалпы, мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, жарыстар ұжымдық рух пен ұйымшылдықты нығайтудың өте тиімді жолы екені сөзсіз.

Біздің компания атынан кеңсе және вахталық жұмысшылардан тұратын команда шықты:

1. Тазабеков Ержан

2. Қуаныш Данияр;

3. Маханбетжан Руслан;

4. Тұрым Нұрлыхан

5. Елемесов Жансерік

6. Мәжітов Асқар;

7. Тохметов Ертай

8. Тлеубаев Қанат;

9. Унгаров Рахат;

10. Әжмолдаев Нұрбол.

Ойынның әр таймы 20 минуттан болды, әрі арасында 10 минуттық үзіліс болды. Ержан Кәкімұлының ұсынысымен әр команданың өкілдері кезек-кезек төрелік етті. Бірінші таймға біздің жігіттер төрелік етсе, екінші таймға КОР командасының өкілдері төрелік етті.

Ойын үрдісі екі команданың да біресе табысты біресе қыңыр болуымен ерекшеленді. Бірінші таймда КОР алғашқы бес минутында 4 гол соғып үлгерді! Бірақ, дұрыс тактика мен ойыншыларды дер кезінде ауыстырудың арқасында бірінші таймның соңына дейін біздің команда 3 гол соқты.

Негізі бірінші таймдағы басымдық КОР командасында болды: олар допқа көбірек иелік етті, шабуылда белсенділік танытты, көбірек мүмкіндіктер тудырды, бірақ екінші таймда біздің команда өзін барынша көрсетіп, ойын 6:5 – біздің жеңісімізбен аяқталды. Есепке қарап ақ, ойынның өте тартысты болғанын, қарсыластардың бір-біріне лайықты болғанын түсінуге болады.

Жеңіс алған ойыншылар командасына алғысымызды білдіреміз – сіздердің беріліп еткен еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз өз жұмысын орындады. Дегенмен, КТ-дағы әріптестерімізді ерекше атап өтіп, оларға арнайы рахметімізді айқанымызды жөн көріп отырмыз:

1. Қуаныш Данияр;

2. Маханбетжан Руслан;

3. Тұрым Нұрлыхан

4. Елемесов Жансерік

5. Мәжитов Асқар;

Жалпы, осы іс-шараны тек біздің жеңіске жеткендігіміз үшін ғана емес, сонымен қатар басқа ұқсас компанияның әріптестерімен танысудың тағы бір тамаша мүмкіндігі үшін сәтті деп атауға болады. Мүмкін біз қатысатын компаниялардың санын көбейтетін шығармыз, мүмкін басқа да спорт түрлерін қосармыз, бірақ бір нәрсе анық: бізде мұндай кездесулер жиі болады!

          




Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай