Жаңалықтар

High Tech Academy

25 ақпан 2021
160

 

«Мектептердегі ‘жазалау камералары’ тәріздес жүйесі енді өзекті болмай қалды, бізге керегі, болашақта,балаларымыз компьютерлермен «шайқасты »жеңіп шығуы үшін, бізге мүлдем басқа кеңістіктер мен тәлімгерлер қажет». Еркін Тәтішев

Өркениетті әлемде өмір сүріп жатқан адамды білімсіз елестету біз үшін өте қиын, өйткені білім әрқашан өмірдің қозғаушысы болып келген, болып келеді, әрі бола да береді. Мектепте алатын білім – өмірдегі барлық нәрсенің негізі десек те болады, ол мектеп қаншалықты мықты болса, болашақта адамдар үшін өмірі соншалықты жеңіл болады. Адамдар мектепке кішкентай бала болып кіріп, одан дамыған, ақылды адам ретінде шығады. Мектептегі білім сапасы қашанда үкіметті де, ата-ананы да мазалайды, адамдар өз балаларына мектеп таңдағанда үнемі оның сапасына үлкен назар аударады.

Бүгін біз өте жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді – Алматыда жаңа мектеп – Еркін Тәтішевтің жеке жобасы болып келетін – High Tech Academy (HTA) ашылды.

НТА – білім алушы үрім-бұтақты тәрбиелеп, күрделі мәселелерді шешу барысында бірлесіп жұмыс жасаудың жолдарын үйрететін бірегей, жобалық оқу бағдарламасы бар жеке меншік, инновациялық мектеп.

High Tech Academy-дегі оқу процесі әлемнің нақты мәселелері мен қажеттіліктерін ескере отырып, практикалық оқытуға негізделген. НТА-дағы жобалар пәнаралық болып табылады, бұл қызықты және мағыналы қорытынды жұмысты жасауға ықпал етеді.

Оқушылар өздері үшін, мұғалімдері үшін және мектептен тыс өмір үшін маңызды мәселелерді шешуге қатысады.

Инновациялық мектептің құндылықтары:

• Бостандық;

• Хабардар болу;

• Батылдық;

• Жауапкершілік;

• Даму;

• Мейірімділік;

• Құрмет.

Ғимараттың өзі және мектептің ішкі көрінісі қазіргі заманғы дизайнымен және орналасуымен біздің үйреншікті мектептерден мүлдем өзгеше. Балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажеттіліктер бар. High Tech Academy мектебі туралы сеніммен: «болашақ бүгін басталады» деп, айта аламыз.

     

          


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай