Жаңалықтар

Әріптестердің жаңа жылдық құттықтаулары

19 қаңтар 2021
993

Жаңа жыл – көпшілік үшін ең сүйікті және көптен күткен мереке. Біз бәріміз сиқырлы және қуанышты нәрсе болады деп, әрі алдағы жыл алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болады деп үміттенеміз. Көпшілік үшін жаңа жыл – нағыз ертегі.

Жаңа жылды тойлау әдеті корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болғанына біраз жыл. Біз үшін бұл әріптестерімізбен бейресми жағдайда кездесу, бір-бірімізге тілектер айту, әріптестермен бірге керемет кешті, дәмді және бай дастархан басында өткізу, өзімізді баладай сезініп түрлі жарыстарға қатысу, және сыйлықтар алу керемет мүмкіндігі.

Алайда, бұл жыл біз үшін басқаша болды. Өтіп бара жатқан жыл бүкіл әлем үшін нағыз сынақ болды: коронавирустық пандемияға байланысты барлық шекаралар жабылды, барлық мерекелер мен бұқаралық іс-шаралар өткізілмеді, әріптестеріміздің 50% -дан астамы қашықтықтан жұмыс істеді. Карантинге байланысты біз барлық жоспарланған корпоративтік іс-шараларды, соның ішінде Жаңа жыл мерекесін тойлауды да болдырмауға мәжбүр болдық. Жыл соңына дейін бәріміз шектеу шараларынан әбден шаршадық, ал адамдардың көңіл-күйін мерекелік деп атауға тіліміз бармайды. Сондықтан, біздің компания күнделікті өмірімізді көркейтуге шешім қабылдады және Жаңа жылмен құттықтаудың ең креативті және көңілді бейнероликке конкурс жариялады.

Жеңімпаздарды бас директор мен қаржы және өндірістік департамент директорлары кіретін құзыретті және әділ қазылар алқасы анықтады. Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша келесі орындар тағайындалды:

1.      Бірінші орын Сатып алу және Коммерция бөлімдеріне берілді;

2.      Айналаны қорғау және Қауіпсіздік техника бөлімдері екінші орын;

3.      Үшінші орынды Қаржы департаментінің командасы иеленді.

4.      Көрермендер сыйлығы GR&PR командасына берілді;

5.      Барлық қатысушылар жұбаныш сыйлықтарына ие болды.

Жарысқа ұсынылған барлық жұмыстар өзіндік ерекшелігімен және шығармашылығымен ерекшеленді. Осы құттықтау видеолары сіздерді күлімсіретіп, жағымды сезім сыйлағанына, ал кейбіреулері тіпті күлкі тудырағандығына сенімдіміз. Осы жаңалықтар релизінде біз құттықтау видеоларының скриншоттарын көпшілікпен бөлісуді жөн көрдік.

Барлықтарыңызды Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жыл алдыңғы жылдан өзгеше болсын: ол жағымды және қуанышты сәттерге, жеңістер мен жетістіктерге толы болсын!

 

    

   

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай