Жұмысқа қабылдау кезіндегі алаяқтық

Жұмысқа жалдау кезінде алаяқтық компания атынан болжанатын тұлғалардан/топтардан келетін электрондық хабарламалар, SMS-хабарламалар немесе хаттар сияқты түрлі ақпараттық ресурстар түрінде болуы мүмкін.

«KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС компаниясында жұмыс ұсынатын тұлғаларға ақша және жеке деректеріңізді жібермеңіз. Егер Сіз компанияның сайты арқылы бос орынға өтініш білдірсеңіз, бізде барлық қажетті ақпарат болады.

Егер алынған хабарламаның шынайылығына сенімді болмасаңыз, төмендегі ақпаратты ескеріңіз:

  • KAZPETROL GROUP ешқашан ресми сұхбатсыз жұмыс істеуді ұсынбайды.
  • Компания іріктеу және жалдау үрдісінде ешқашан ақша немесе қандай да бір ақы талап етпейді.

  • «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС компаниясының веб-сайтының мекен-жайы: http://www.kzpg.kz.
  • Электрондық пошта мекенжайын тексеріңіз. KAZPETROL GROUP электрондық поштасының мекен-жайы «@kzpg.kz» деген әріптермен аяқталуы керек.

  • Алынған хабарламаның шынайылығына күмәнданатын болсаңыз, resume_hr@kzpg.kz мекен жайына хабарласыңыз.