Корпоративтік жауапкершілік

Корпоративтік жауапкершілік - Компанияның даму стратегиясының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Компания этикалық негізде кәсіпкерлікті жүргізуге және экономикалық дамуына ықпал етуге, аймақтағы экологиялық тұрақтылықты дамытуға, сонымен бірге өз қызметкерлерінің және олардың отбасыларының, сондай-ақ тұтастай қоғамның өмір сапасын жақсартуға ұмтылады.

Мұнай өндіретін кәсіпкерліктің ерекшелігін ескере отырып, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі компания бизнесінің дамуына, оның беделін және имиджін көтеруге, корпоративтік сәйкестікті қалыптастыруға, сондай ақ мемлекетпен, іскери әріптестермен, жергілікті қоғамдастықтармен және азаматтық ұйымдармен сындарлы серіктестікті кеңейтуге ықпал етеді.