KAZPETROL GROUP Конституциясы

Біз, ерікті тұлғалар, ортақ құндылықтар мен ұстанымдарды бөлісе отырып, ұзақ мерзімді дамуға иеміз және біздің бәрімізге жеке амбицияларымызды, кәсіби өсудегі ұмтылыстарымыз бен қажеттіліктерімізді іске асыруға мүмкіндік беретін, гүлденген, тұрақты компанияны құру мақсатымен «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» Компаниясының қызметкерлері болып табыламыз.

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) құндылықтары:

I. Жұмыстың командалық стилі

    1. KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) үздік нәтижеге бағытталған ұжымдық, топтық жұмысты бағалайды, мақсаттарды келіскен түсінушілік пен қызметтің тиімді үйлестірілуі үшін әрекет етеді;
    2. Қызметкерлер құрамының ортақ іске тартылуын және оның компания табысына мүдделілігін бағалайды;
    3. Қызметкерлер бағалайдыыағалайды бағалайдыайдыыаат салысыуын, компания мүлкіне өз жеке мүлкі секілді қарау сезімін қалыптастыруды маңызды деп есептейді;
    4. Өзара көмекті және өзара алмасушылықты бағалайды;
    5. Компания адалдықты/ниеттестікті және топтық құндылықты бөлісуді бағалайды.

II. Жеке тұлға

    1. KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) компанияның әрбір қызметкерінің жеке тұлғасын құрметтейді;
    2. Жеке дәлелді пікір және пікірталас еркіндігі құқығын мойындайды;
    3. Даму және тұлғалық өсу құқығын мойындайды;
    4. Жеке тұлғалық ерекшеліктердің көрінісіне төзімділікпен қарайды, бірақ бұл жағдайда адамдардың көпшілігімен қорлау және өрескел деп бағаланған іс-әрекеттерді қолдамайды.

III. Сенім/Қатынастар

    1. KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) компания қызметкерлері арасында да, серіктестерімен/ клиенттерімен де тиімді және ашық байланысты (ақпараттар алмасу, өзара әрекеттестік, өзара түсіністік) бағалайды;
    2. Әрбір қызметкердің «эмоционалдық банктік шотын» толықтыратын ақ ниеттілікті, ашықтылықты, өзара қарым-қатынаста инабаттылықты бағалайды.

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) этикалық ұстанымдары:

    1. Адалдық: әділдікке және туралыққа негізделген іс-әрекет;
    2. Әділеттік: ашық көзқарастарды, төзімділікті және басқа көзқарастарды қабылдауды талап ететін бейтараптылық;
    3. Әділдік: жеке құштарлыққа емес, белгіленген критерийлер жиынтығына негізделген пайымдама;
    4. Жауапкершілік: уәде етілгенді толық көлемде, белгіленген мерзімде орындау; әрбір адамның өзіне, компанияға, қоғамға қатынасы бойынша міндеттемелерге ие және өз іс-әрекеттері мен олардың салдарлары үшін жауапты екендігін түсіну.

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) стандарттары:

I. Кәсіпқойлық

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) қызметкері тиісті:

    1. Тұрақты оқу және дағдыларын дамыту арқылы кәсіби білімдерінің тиісті деңгейін сақтауға;
    2. Қолданыстағы заңдарға, ережелер мен техникалық нормаларға сәйкес кәсіби міндеттерін орындауға;
    3. Шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттар мен ұсыныстарын дәл, анық, қысқа және уақытылы ұсынуға.

II. Құпиялылық

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) қызметкері міндетті:

    1. Құпия ақпаратты, тек уәкілетті тұлғамен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде ашпауға;
    2. Құпия ақпаратты тиісті жолмен пайдалану туралы тиісті тараптарды хабардар етуге; қарамағындағы қызметкерлерінің құпиялылықты қамтамасыз ету бойынша қызметін бақылауға;
    3. Компанияның беделін түсіруге әкеліп соғуы мүмкін қандай да бір іс-әрекетке қатысудан немесе қолдаудан бас тартуға.

III. Бір қалыптылық

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) қызметкері мынадай қасиеттерге ұмтылады:

    1. Нақты мүдделер қақтығысының деңгейін төмендетуге, түсінбеушілікті және мүдделер қақтығысының туындауын жою үшін іскер серіктестермен тұрақты қарым-қатынас жасауға; ықтимал жанжалды факторларға мұқият қарауға және барлық тараптарға оларды жою бойынша кеңес беріп, көмектесуге;
    2. Міндеттердің этикалық орындалуына кедергі келтіруі мүмкін кез келген әрекеттен бас тартуға;
    3. Компанияның беделін түсіруге әкеліп соғуы мүмкін қандай да бір іс-әрекетке қатысудан немесе қолдаудан бас тартуға.

IV. Тиімділік

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) қызметкері жүзеге асырады:

    1. Ұзақ мерзімді қорытындысы пайдалы әсер беретін, неғұрлым оңтайлы тәсілмен, жемісті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді;
    2. Өзінің де, өзінің қарамағындағы қызметкерлердің де қабілеттерін, мүмкіндіктері мен білімдерін тиімді қолдануды.

V. Нақтылық

KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) қызметкері уәкілетті:

    1. Ақпаратты әділ және дұрыс беруге;
    2. Пайдаланушыларға ұсынылған есептерді, бизнес-аналитиктерді немесе ұсыныстарды түсінуге әсер етуі мүмкін барлық қажетті ақпаратты ашуға;
    3. Компания саясатына сәйкес уақыттылықты, өңдеу мен ішкі бақылауды, ақпаратты ұсынудағы кідіртулерді немесе кемшіліктерді ашуға.

«KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» Компаниясының қызметін жүзеге асыру/басқару ұстанымдары

I. Белсенді іс-әрекеттерге бағдар. Жағдайды өзгерту үшін іс-әрекет етіңіз, талдау мен талқылауларға батып қалмаңыз.

    1. Эксперименттер мен шығармашылық көзқарасқа қолдау көрсетіледі;
    2. Қателер бағалы тәжірибе болып табылады, қателерден қорқу тоқыраушылыққа және бастамашылықтың болмауына әкеліп соқпауы тиіс.

II. Серіктеске, клиентке, қызметкерге жақындылық. Әрқашан да адамдарға керектісін беру үшін тұтынушылардың ерекше ықыласын тұрақты зерттеңіз.

    1. Өнімнің сапасына, сенімділігіне және қызмет көрсету деңгейіне ерекше көңіл аудару;
    2. Негізгі қызметтерді бей-жай емес адамдарға жүгу;
    3. Клиенттің тілектері мен үмітін түсіну.

III. Автономдық және іскерлік. Компанияны шағын фирмаларға/ топтарға/ ұйымдарға бөліңіз, олар тәуелсіз әрекет етсін және бір бірімен бәсекеге түссін.

    1. Чемпиондарда (энтузиаст-еріктілерде)– жоба табысының ықтималдылығы жоғары;
    2. Өнім чемпионы – Басшылық чемпионы – «Кіндік әке»;
    3. Қосалқы оңтайлы бөлімшелер, ішкі бәсеке.

IV. Адамдар – тиімділіктің негізі. Барлық қызметкерлердің жігерінің компания үшін өте маңызды екендігін, және оларды еңбектері үшін сый беретіндігін түсінулеріне қол жеткізіңіз.

    1. Жеке тұлғаға деген құрмет;
    2. Ақпараттың қол жетімділігі және салыстыру.

V. Жергілікті басқару, құндылыққа бағдар. Жоғары басшылық компанияның негізгі бизнесін жақсы түсінуі тиіс (ғалами ойлан – жергілікті әрекет ет).

    1. Бір текті команда, ортақ көзқарас және орныққан пікір;
    2. Құндылықтар жүйесін түсіндіру және іске асыру.

VI. Өз міндетіне адалдық. Өзіңіз жақсы білетін бизнеспен айналысыңыз.

    1. Негізі бағыт айналасында іс-әрекетті әртараптандыру;
    2. Құзырлы және сенімді серіктеспен ынтымақтастық арқылы жаңа бағыттарды дамыту.

VII. Қарапайым құрылым, қызметкерлер құрамының ең аз саны. Басқарудың ең аз деңгейіне және басшылық құрамның аз санына ұмтылыңыз.

    1. Орта буын елеусіз рөл ойнайды, көбіне бюрократтық қызметті атқарады.

VIII. Икемділік пен қатаңдылықтың үйлесімділігі. Корпоративтік құндылықтарды әрбір қызметкерге төзімділікпен үйлестіріңіз – тиімді, сыпайы және кәсіби қызметкерлер құрамы әрбір тұлғаның көпқырлылық құқығына ие.