Еңбекті қорғау
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Компанияның негізгі басымдығы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, біздің қызметкерлердің және «KAZPETROL GROUP» ЖШС / KAZPETROL GROUP нысандарында жұмыс істейтін мердігер ұйымдар қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саясаты Компанияның барлық қызметкерлерінен және мердігер ұйымдардың персоналынан белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтауды, оқытуды өткізуді және қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыруды талап ету жөніндегі Қоғамның міндеттерін қамтиды.
ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Компанияның өндірістік жарақаттарды азайту мақсаттарына мыналар жатады:
• Компанияда да, мердігер ұйымдарда да еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту және соның нәтижесінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттану деңгейін төмендету;
• Келісім-шарттық аумақ объектілеріндегі авариялардың, оқыс оқиғалардың, өрттердің және төтенше жағдайлардың қаупін азайту.
Жарақаттардың алдын алу мақсатында ISO 45001:2018 стандарттарына сәйкес тәуекелдер жүйелі түрде анықталады және басқару шаралары қабылданады, еңбекті қорғау шаралары жүзеге асырылады, Қоғам қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері жарақаттардың жағдайы туралы жүйелі түрде хабардар етіліп отырады. Сонымен қатар, Қоғам контрагенттермен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде келісім-шарттық қатынастардың барлық мерзімі ішінде, соның ішінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйіне жыл сайынғы тексеруді қоса алғанда, мақсатты жұмыс жүргізеді.
Оқиғалар болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданады, оның ішінде:
• Компания объектілерінде, соның ішінде мердігер ұйымдарда орын алған барлық оқиғалар туралы жедел хабарлау;
• Мәліметтерді ақпараттық жүйеде тіркеу;
• Тергеулер жүргізу, жазатайым оқиғалардың жағдайлары мен себептерін талдау;
• Төтенше жағдайлардың және жарақаттардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу.
Жарақаттарды талдау нәтижелері барлық қызметкерлерге хабарланады, жоғары басшылық жиналыстарында және кәсіподақ өкілдері мен негізгі мердігерлер қатысатын Қауіпсіздік күндері бағдарламасы аясында қаралады. Жазатайым оқиғаларды, оның ішінде мердігерлердегі талдау нәтижелері жылдық есепке енгізіледі және Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралады.
ҚАУІП ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУ
Қауіптерді анықтау, тәуекелдерді бағалау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы қауіптерді жою және тәуекелдерді азайту бойынша басқару шараларын қолдану «ЕҚБЖ» (Еңбекті қорғауды басқару жүйесі) корпоративтік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы процестердің тиімділігін талдау «ЕҚБЖ»ға сәйкес ішкі өндірістік бақылау туралы ереже, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі КУСТО тобының ТЖҚҚ департаменті ұсынған жыл сайынғы есептері шеңберінде жүргізіледі.
Қызметкерлерді еңбек процесіне байланысты ықтимал қауіптер мен қауіпті жағдайлар туралы хабардар ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және «KAZPETROL GROUP» ЖШС нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Тергеу нәтижелері қажетті шараларды жоспарлау және жүзеге асыру, оқиғалардың алдын алу және/немесе ұқсас оқиғалар кезінде ықтимал залалды азайту үшін пайдаланылады.
ОҚИҒАТТЫ ТЕКЕРУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
Компания кез келген оқиға өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы тәуекелді жүзеге асыру болып табылатынын және «ЕҚБЖ» жетілмегендігін көрсетуі мүмкін екенін мойындайды. Сондықтан оқиғалардың себептерін зерттеу және талдау, алынған сабақтарды ескере отырып және келешекте оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
Оқиғаларды тергеп-тексеру, сол тергеу және хабарлау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Оқиғаларды тергеп-тексеру барысында келешекте осыған ұқсас оқиғалардың қайталануын болдырмау және елеулі залал келтірмеу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында тәуекелдер қайта бағаланады.
Оқиғаларды тергеу кезінде тәуекелді бағалау нәтижелері ұқсас оқиғалардың алдын алуға және/немесе ықтимал залалды азайтуға бағытталған қажетті шараларды жоспарлау және іске асыру үшін пайдаланылады.
ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫ
Жұмысқа қабылдау кезінде еңбекті қорғау бойынша брифинг кезінде қызметкерлерге:
• Өндірісте қолданылатын зиянды заттар туралы;
• Жұмыс орнында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың болуы туралы;
• Денсаулыққа зиян келтіру қаупінің бар екендігі және еңбек жағдайларын арнайы бағалау материалдары туралы;
• Тиісті өтемақы және жеке қорғаныс құралдары туралы;
• Өндірістік жарақаттардың себептері туралы.
Компания жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Еңбек жағдайын бағалаудың және оларды басқарудың негізгі құралы жұмыс орындарын аттестациялау болып табылады.
Соңғы жылдары еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды дәйекті жүзеге асырудың арқасында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны тұрақты түрде төмендеп келеді.
ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ
Қызметкерлер денсаулығын бақылайтын корпоративтік мониторинг жүйесі кәсіптік аурулардың қаупін басқаруға негізделген. Тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі ретінде шудың жоғарылауы, діріл, химиялық заттардың әсері, еңбек қарқындылығы және т.б. сияқты типтік қауіптер анықталады. Егер анықталған тәуекелдер маңызды деп бағаланса, олардың әсерін бақылау және азайту бойынша шаралар әзірленеді.
Алғашқы күннен бастап компанияда қызметкерлермен денсаулық мәселелері бойынша тұрақты түрде кеңес беретін медициналық қызмет бар.
Қызметкерлердің денсаулығын қорғау шаралары қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын ерікті медициналық сақтандыруды (МСҚ) төлеуге, инфрақұрылымды (фельдшерлік пункттерді) ұстауға, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, спорт пен демалысты ұйымдастыруға қаражат бөлінеді. «Интертич» ЖШС қызметтері қолжетімді. Келісімшарттық аумақта жұмыс орындарына тікелей іргелес екі фельдшерлік пункт кабинеттері бар, ауысым алдында/сапар алдында тексеру ұйымдастырылады, бұл қызметкерлерге, жәй кезеңде, әрі төтенше жағдайда да медициналық көмек алу мүмкіндігін жеңілдетеді.
«KAZPETROL GROUP» ЖШС қызметкерлердің денсаулық жағдайы туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтайды: мұндай ақпарат рұқсат етілмеген тұлғаларға берілмейді.
Барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі қызметтермен қамтамасыз етілген. Міндетті (жұмысқа қабылдау кезінде) және мерзімді медициналық тексерулер жүргізіледі. Оларды жүргізу тәртібі, тартылатын медицина мамандары, медициналық зерттеулердің көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Компания қызметкерлерімен денсаулық мәселелері бойынша тұрақты түрде консультациялар өткізіліп тұрады.