Жаңалықтар

Экологиялық жобалар
Табиғат адамзаттың ең ұлы байлығы. Оны қорғау – болашақ ұрпаққа берген ең үлкен сыйымыз.
«KAZPETROL GROUP» ЖШС-інің экологиялық шаралары
«KAZPETROL GROUP» ЖШС экологиялық жауапкершілікті өз міндеті деп санап, әрдайым табиғатты қорғау мен экологиялық тұрғыдан жауапкершілікті көрсететін жобаларды жүзеге асырып келеді. Компанияның бұл бағыттағы бастамалары тұрақты түрде жалғасын табуда.
Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні «KAZPETROL GROUP» ЖШС халықаралық экологиялық акция – «Жер сағаты» акциясына қатысты. Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін компанияның ауысым қалашығында кеңселер мен өндіріс орындарында электр жарығы 1 сағатқа өшірілді. Бұл акцияның мақсаты – әлемдік қауымдастықты экологиялық мәселелерге назар аударуға және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет етуге шақыру.
Сонымен қатар, 27 наурызда, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «TazaLike» салтанатты іс-шарасы барысында «Таза кәсіп - таза» акциясын өткізу бастамасын компания толығымен қолдады. Бұл шара аясында ауысым қалашығы аумағы мен оған жақын орналасқан жерлерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғау ісіне белсене қатысуға бағытталған.
«KAZPETROL GROUP» ЖШС экологиялық бастамалары болашақта да өз жалғасын табады және табиғат қорғауға бағытталған жобаларда белсенді қатысуды мақсат етеді.