Жаңалықтар

Мұнай кен орындарын игеру тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға эмиссияларды азайту

15 наурыз 2024
75

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында жасалған «Қызылорда облысының газ ресурстық базасын ұлғайту жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды» іске асыру шеңберінде, мұнай кен орындарын игеру барысында тиімділікті арттыру мақсатымен ілеспе мұнай газын өңдеу жүйесімен жабдықталған объектілерге газдың артық көлемін тасымалдау арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды азайтып, ілеспе мұнай газын пайдаланып, нәтижесінде экологиялық аспектілерді жақсарту мақсатымен, «Kazpetrol Group» ЖШС және Petroleum Gas KERUI компаниясы Оңтүстік Қайыркелді кен орны үшін блок-модульдік басқару станциясы бар компрессорлық станцияны жеткізу бойынша келісім шартқа қол қойды.

Kazpetrol Group ЖШС бас директоры Ержан Тазабеков пен KERUI Petroleum Gas компаниясының Қазақстандық бөлімшесінің бас менеджері Сан Фьюинг қол қойылған құжаттың маңыздылығын атап өтіп, мұнай-газ саласындағы барлық бағыттағы жобалардың іске асырылуы өндіріске заманауи технологияларды енгізуге, мұнай кен орындарын игеру тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға көмектесетіндігіне сенім білдірді.

Бұл бизнес пен үкімет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдардың қағаз жүзінде қалмай, қоғам игілігі үшін жүзеге асырылып жатқанының жарқын мысалы.

Іс-шара БАҚ желілерінде кеңінен жарияланды: «Қызылорда вести» газетінде мақала, «Қызылорда ТВ» және «Қоғам» телеарналарында жаңалықтар сюжеттері ретінде шықты.

            


                 



Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай