Жаңалықтар

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

10 сәуір 2020
1339

Медицинада ең маңызды екі дәрі бар – дәрігер және медбике.

Қазіргі заманғы халықаралық тұжырымдамаларға сәйкес, медбикелер – пациенттерге жүйелі түрде жеке және сапалы көмек көрсететін топ.

Бұл, дәрігерлермен қатар, өз жүрек мейірімдері мен жанын салып, біздің денсаулығымызға қамқорлық жасайтын адамдар. Бүгінде, дүние жүзілік пандемия кезеңінде, медбикелердің рөлі мен маңызы едәуір артты, өйткені олар біздің өмірімізді сақтап қалу үшін өз денсаулықтарына қауіп төндірсе де, алдыңғы қатарда еңбек етіп жатыр.

Біздің компания, «KAZPETROL GROUP» ЖШС, медбикелерге күндіз-түні кезекшілік етіп, Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының посттарында еңбек етіп, бүкіл ел сақтығы үшін қиын жұмыс атқару барысында көрсеткен табандылықтары үшін алғыс айтуды шешті. Бүгін компания, Облыстық денсаулық басқармасы ұсынған тізім бойынша, олардың еңбектері мен ерліктерін бағалайтынымызды көрсету үшін қала мен облыстың 120 медицина қызметкеріне қаржылық сыйақы ретінде 12 миллион теңге аударды. Осы тізімдегі әр медицина қызметкерінің жеке банк картасына 100 000 теңге қаражат аударылды.

Біз өз әріптестерімізді – Қызылорда облысындағы мұнай және газ, әрі экономиканың басқа да бизнес саласында жұмыс істейтін компанияларды аймақтың медицина қызметкерлеріне қаржылай көмек көрсетуге шақырамыз.

Олар вирустармен күресу барысында өз отбастарынан алшақ жерде қолдарынан келгенін жасап жатыр. Сондықтан біз де өз қолымыздан келетін істі атқарайық – бүгінгі таңда пандемиямен күрес барысында алдыңғы қатарда жүріп, жүрек жұтқан, қорқынышты танымайтын, заманымыздың батырларына кем дегенде қаржылай қолдау көрсетейік!


                      


* Мақалада ирандық суретші Алирез Пакделдің суреттері пайдаланылды.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай