Жаңалықтар

Жаңа меже – 3 миллион тонна өндірілген мұнай

20 ақпан 2025
30

«Kazpetrol Group» ЖШС: Жаңа меже – 3 миллион тонна өндірілген мұнай

2025 жылдың 23 қаңтары Kazpetrol Group үшін маңызды күн болды – компания өндірілген мұнай 3 миллион тоннаға жеткен тарихи көрсеткішке жетті. Бұл жай сан емес, қажырлы еңбектің, стратегиялық жоспарлаудың және мұнай өндіруге озық технологияларды енгізудің нәтижесі.

Kazpetrol Group мұнай өнеркәсібінің барлық қиындықтарына қарамастан, сенімді түрде өсіп, дамуын жалғастыруда. Мұнай нарығындағы жаһандық өзгерістер жағдайында компания тұрақты өндіріс қарқынын сақтап қана қоймай, жаңа рекордқа қол жеткізді.

Жетістікке жету ұжымның кәсіби шеберлігінің, өндіріс орындарын жаңғыртудың және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтаудың арқасында мүмкін болды. Kazpetrol Group басшылығы цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді енгізуге ерекше көңіл бөледі, бұл жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Кәсіпорын кен орындарында өндірісті интенсификациялаудың инновациялық әдістерін белсенді түрде қолданылуда, бұл қорларды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Өндірілетін әрбір тонна мұнайдың артында жүздеген мамандардың – геологтардың, бұрғылаушылардың, инженерлердің, операторлардың еңбегі жатыр. Kazpetrol Group өз ұжымын мақтан тұтады және өз қызметкерлері үшін ең жақсы жұмыс жағдайын жасауға ұмтылады.

3 миллион тонна көрсеткішке жету – соңғы мәре сызығы емес, компания дамуының келесі кезеңі болып келеді. Kazpetrol Group ресурстық базаны кеңейтуге және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда.


                    


          

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай