Жаңалықтар

Қызылорда облысындағы оңалту орталығына демеушілік

16 сәуір 2025
41

«Kazpetrol Group» ЖШС Қызылорда облысындағы оңалту орталығына демеушілік көрсетті

2025 жылғы 14 сәуірде «Kazpetrol Group» ЖШС Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» коммуналдық мекемесіне демеушілік көмек көрсетті. Компания орталыққа массаж креслосы мен табанға арналған массаж құрылғысын тарту етті.

Аталған оңалту орталығы 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін маңызды мекеме болып табылады. Қазіргі уақытта бұл жерде 140-тан астам адам қызмет алуда. Орталық тек медициналық көмекпен шектелмей, мәдени және психологиялық қолдаулар көрсетіп, келушілердің өмір сапасын жақсартуға үлес қосуда. Жыл сайын бұл орталықтан шамамен мыңға жуық адам ем қабылдайды.

Компания атынан салтанатты түрде сыйлықтарды табыстауға коммерциялық департамент директоры Ильяс Абуов, ОМТС қызметкері Аслан Ақбаев және PR менеджері Мейрамкүл Ходжашова қатысты. Іс-шара барысында орталық қызмет алушысының бірі өзі жазған жүрекжарды өлең арнап, мекеме басшысы алғыс сөз айтып, компанияға алғыс хат табыстады.

Айта кету керек, компания былтыр дәл осы мекемеге шырша егіп берген болатын. Қазіргі уақытта ол шыршалар тамыр жайып, жақсы күтім көріп өсіп келе жатқаны қуантады.

Kazpetrol Group компаниясы әрдайым әлеуметтік жауапкершілікке зор мән береді. Өзіміз еңбек етіп жатқан қоғамға игілік жасап, нақты көмек беру – компания ұстанымының бір көрінісі. Алдағы уақытта да осындай мағыналы жобаларды қолдау жалғасатын болады.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай