Жаңалықтар
Тоғызқұмалақ әлем кубогі
Қазақ халқының ескі мұрасының бірі – Тоғызқұмалақ ойыны. Мұның қашаннан келе жатқаны жөнінде анық мәлімет жоқ. Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында кең тараған. Бұл ойын қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі тез артып, тапқыштық жағы күшеймек.
2024 жылы жазда Чехияның Пардубице қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы және Чехия Манкала Федерациясының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында Әлем Кубогі өтті. Бұл кубокты өткізуге біздің компания бас демеуші болғандығын атап өткіміз келеді.
Жарыстың мақсаты ұлттық интеллектуалдық ойынды насихаттау және халық арасында кеңінен дәріптеу болып табылады. Сонымен қатар, дүние жүзіне осы ұлт мақтанышына айналған спорт түріне деген оң көзқарас құрап, пайдалы мен жағымдыны ұштастыру.
Тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен 14 елден, атап айтқанда Германия, Чехия, Латвия, Польша, Колумбия, Италия, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан спортшылар қатысып, өзара бақ сынасып мықтыларды анықтады:
Классика түрінен әйелдер арасында
· Қожанәсіп Аңсаған, Қазақстан;
· Махамбетамин Ұлдана, Қазақстан;
· Карина Алексеева, Латвия;
· Валерия Кагина Латвия.
Классика түрінен ерлер арасында
· Дархан Ануарбеков, Қазақстан;
· Сырттан Сырғақұлы, Қырғызстан;
· Ерсұлтан Ауелбай, Қазақстан;
· Кубанычбек Ибрагимов, Қырғызстан.
Блиц түрінен ерлер арасында
· Алайдар Ермұхамед, Қазақстан;
· Айтбаев Рахат, Қазақстан;
· Қайдаров Азамат, Қазақстан;
· Бостандыков Бексұлтан, Қазақстан.
Блиц түрінен әйелдер арасында
· Салман Аружан, Қазақстан;
· Сапарбекова Салтанат, Қазақстан;
· Асель Далиева, Қазақстан;
· Аяжан Егінбай, Қазақстан.