Құрметті сайт қонақтары!
Интернетте және электронды пошта арқылы KAZPETROL GROUP компаниясының атынан мұнай және мұнай өнімдерін сату туралы ақпаратпен хат жолдау фактілері жиілеп кеткенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, ватсап қосымшасы арқылы, компания қызметкері суретін қолданып, ақша сұраған жағдайлар да бар.
БҰЛ АҚПАРАТ ӨТІРІК!
Алаяқтар компанияның жалған бланкісін және мөрін пайдаланады. Өзіңізге және серіктестеріңізге зиян келтірмеу үшін мұндай хабарламаларды елемеңіз, ешбір жағдайда хабарламалардағы тіркемелерді ашпаңыз немесе іске қоспаңыз немесе осындай хаттар/хабарламалардағы сілтемелерді қолданбаңыз. Және, анық көзіңізді жеткізбестен ешкімге ақша жібермеңіз.