Құрметті әріптестер!
Сіздерге «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС-нің «Шұғыл желі» жүйесі бар екенін хабарлаймыз. Сіздер бұл желіге мына мәселелер жөнінде хабарласуыңызға болады:
- Серіктестіктің немесе үшінші тұлға қызметкерлерінің құқыққа қарсы немесе заңсыз іс-әрекеттері туралы;
- Серіктестіктің қызметін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;
- Қомпанияның басқару құжаттарына немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмейтін жағдайлар туралы.
Мақсаты
- Компания қызметкерлері мен басшылық арасында «кері байланыс» орнату.
- Компанияның ұйымдастыру-жарлық құжаттарын және ішкі басшылыққа алатын құжаттарының орындалу сапасын арттыру.
- Жүйелік қиыншылықтарды және сын тұрғысынан қаралатын жағдайларды анықтау үшін келіп түскен мәліметтерді талдау және оларды уақытылы жою/алдын алу.
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және Компанияның басшылыққа алатын құжаттарының сақталмауымен байланысты бұзушылықтарды уақытында анықтау, алдын алу және/немесе жою.
Ескерту: Сенім телефонының (или жедел телефон желісiнiң) мақсаты мен міндеттеріне қатысы жоқ ақпарат қарастырылмайды.