Жаңалықтар

«Compass» Қызылордада!

25 ақпан 2020
1418

18 ақпанда Қызылордада «Compass» жанармай бекетінің ресми ашылу рәсімі өтті.

«Compass» бренды Қазақстанда дамытылды, ол Kusto Group халықаралық холдингтың тағы бір жемісті дамып келе жатқан бөлімі болып келеді.

«Compass» комплексі – ол еуропалық форматтағы жанармай станциясы, оның ішінде Express Market – жанармай құйып қана қоймай, сыйлықтар, балаларға арналған кітаптар, креативті ашық хаттар, кофе, шәй, тәттілер, Burger King бургерлерін ала отыру мүмкіндігін беретін, Wi-fi қызметі, әрі  түрлі отындық толтыратын станция, оның ішінде электрмен, және арнайы тұрақ орны бар.  

    

Алғашқы жанармай станциясы 2014 жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда Астанада, Алматыда және Ақтөбеде жанармай станциялары ойдағыдай қызмет ұсынуда, онда шамамен 400 ден артық қызметкерлер жұмыс жасауда. Болашақта Қазақстан бойынша 50 тәріздес жанармай станциясы қосылмақ.

Қала әкімшілігінің атынан қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы сөз сөйледі, ал акционерлер атынан Қарсыбеков Оразхан Қаиржанович – “KAZPETROL GROUP” ЖШС-нің Бақылау Кеңесінің Төрағасы және Белов Алексей – «Новая АЗС» ЖШС-нің директор орынбасары құттықтау сөзін берді. 

    

Ашылу рәсіміне, сонымен қатар, ЖШС «Новая АЗС» директорының бірінші орынбасары Айдарбекова Эльмира және маркетинг бойынша директор орынбасары Шағамбаев Талғат қатысты.

Жаңа жанар-жағар май станциясы 35 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, болашақта қалада тағы екі, ал облыста бірнеше осындай жанар-жағар май құю станциясын салу жоспарлануда.


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай