Жаңалықтар

№7 арнайы түзету мектеп-интернаты

21 маусым 2024
64

№7 арнайы түзету мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 ақпан айында біздің компанияға келіп, интернат бүлдіршіндерін облыстық жарысқа екі би дайындау үшін хореограф жалдауға, екі биге киім алуға және моблиограф қызметіне қаражат сұрап келді. Біздің компания осы шығандарына сұраған сомасын бөліп берді. Бұл мекемеде ерекше балалар тәлім алатынын білгендіктен, біздер бұл бүлдіршіндерге қосымша жағымды эмоция болсын деп шештік.

Міне, біздің қолдауымыз арқылы, 2024 жылдың 20 наурызында интернат балалары XIX республикалық "Жұлдызай-2024" балалар шығармашылық фестиваліне қатысты. Бұл байқауға Қызылорда облысынан 115 бала қатысты. Осы байқауда интернат балалары тамаша өнер көрсетіп, Республикалық деңгейге жарысқа жолдама алды!

Сөйтіп, 18 сәуір күні Республикалық деңгейде өткен жарыста балалар екі жүлделі орынға ие болып қайтты! Бұл жарысқа интернаттың 17 түлегі қатысты: 12-сі "Гүлдер бағы" биіне қатысып жүлделі 1 орын алса (жүлде ретінде әр бала сыйлыққа планшет алды), 5 бала "Кавбой" биіне қатысып жүлделі 2 орын алды (жүлде ретінде балалар сыйлыққа чемодан алды). Осылайша, біздің қолдауымыз арқылы балалар 18 мамыр күні Шымкент қаласында өткізілетін Халықаралық фестивалге жолдама алады!

Алайда, оларға Шымкент қаласына баруға қаражат қажет болды. Біздің компания ол шығынды да мойнына алып, бірінші орын алған 12 бала мен 3 ересекті Шымкент қаласына баруға мүмкіндік сыйлады.

Сөйтіп, 18 мамырда өткен «Дарынды жұлдыздар» Халықаралық өнер байқауына қатысып, ол жерде балалар Хореография номинациясында Гран при жүлдесіне ие болды! Гран при ғана алып қоймай, балалар Түркияда өтетін “Ipek Yolu” Халықаралық балалар фестиваліне жолдама алды.

Мәне осылайша, шағын демеу арқылы біздің компания балаларға ұмытылмас тәжірибе, керемет эмоция, жеңіске деген ұмтылыс сезімін сыйлады. Бүлдіршіндерге болашақта бұдан да асқан жеңістерге жете беріңіздер деп тілейміз!

=====

Интернат қызметкерлерінің алғыз сөздері:

«Осындай мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларымыздың өнерінің шындалуына жол ашып, демеушілік танытып, қолдау білдірген Kazpetrol Group ЖШС бас директоры Тазабеков Ержан Кәкімұлына өз ризашылықтарымызды білдіре отырып, ұжымына толағай табыс, бірлік пен береке тілейміз!»

=====

«Алла разы болсын! Сіздер болмағанда, бұның бәрі мүмкін болмас еді! Сіздердің ұжымдарыңызға арнайы ерекше рахмет! Әуелі Алла, содан соң сіздер себепші болып, осындай жетістіктерге жетіп жатыр балаларымыз. Осы балалардың атынан ерекше алғысымызды білдіреміз. Алла күш қуат берсін сіздерге!»

====

Мына сілтеме арқылы олардың өз парақшаларында шығарған мақала бар:

https://www.facebook.com/share/p/Lyq1X8bau2DXEK9d/?mibextid=qi2Omg


          





Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай