Жаңалықтар

Foreign Investors’ Council

14 шілде 2023
525

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысы өтті. Кездесудің басты тақырыбы «Экономиканың цифрлық трансформациясы» болды.

Бұл іс-шара негізінен әлеуетті инвесторларға өз өнімдерін ұсынатын IT-компанияларымен таныстырды.

«Инновациялық технологиялар паркі» (AKF PIT) автономды кластерлік қорының шақыруымен «KAZPETROL GROUP» ЖШС осы іс-шараға қатысты, өйткені 2022 жылдан бастап «KAZPETROL GROUP» ЖШС автоматтандырылған ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі жобасын (ASSOI) «Digital Smart Oilfield» R&D міндеттемесі арқылы енгізуді және іске қосуды бастады. Оған қоса, 2023 жылдың қаңтарында Tech Garden сыйлығын жеңіп алды.

Көрмеде біздің Компанияны «Digital Smart Oil Field» жобасын енгізу және іске асыру жөніндегі жоба менеджері Солтыбеков Дастан Балғымбайұлы таныстырып, Қазақстан Республикасының Президентіне «Цифрлық кен орны» тақырыбында баяндама жасады.

Мемлекет басшысына Digital Smart Oilfield жобасын жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы туралы баяндалды. Баяндама барысында Мемлекет басшысы «ЦКО» (цифрландырылған кен орны) жобасы аясындағы нақты іс-шараларды жүзеге асыру туралы сұрақтар қойды. Әріптесіміз Дастан Солтыбеков жүзеге асырылған бірқатар бағдарламаларды тізіп берді:

1.    Барлық ұңғымалық және технологиялық қондырғылар 100% бақылау-өлшеу аспаптарымен және автоматикамен жабдықталған, жабдықтың жағдайын талдау және бақылау үшін белгілі бір деректердің қажеттілігіне байланысты аспаптарды таңдау алдын ала талданған;

2.    Жиналған деректерді беру инфрақұрылымы бар;

3.    Жоғары жиілікті деректер базасы бар;

4.    Бағдарламалық қамтамасыз ету «I-mass» (PDMS) – мұнай өндіру деректерін басқару жүйесі дамытылған.

Баяндама барысында әзірлеудің 100% қазақстандық шешім екендігіне және бұл бағдарламалық қамтамасыз етудің Ресей Федерациясының газ конденсаты кен орындарында сынақтан өткеніне баса назар аударылды. Осы тәріздес шетелдік бағдарламалық қамтамасыз ету 10-30 есе қымбатырақ.

Сондай-ақ, біздің Кәсіпорында «ЦКО» жобасы аясында қол жеткізілген нақты нәтижелер жарияланды.


                      

Баяндама соңында мемлекет басшысы ЦКО жобасының жүзеге асырылуын жоғары бағалап, алғысын білдірді және біздің компанияға сәттілік тіледі!

Дастан өз эмоцияларымен бөліседі: «Әрине, мен қатты толқыдым, ол әрине түсінікті, себебі Президентпен сөйлесуге кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді, бұл өте сирек кездесетін мүмкіндік. Мемлекет басшысының біздің баяндамамызды тыңдап қана қоймай, тақырыпқа араласып, сауалдар қойғанына таң қалдым. Осыған ұқсас жобалар туралы Елбасының нақты идеялары бар екені байқалды!».

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай