Жаңалықтар
Бәйге
2026 жылғы 11 сәуір күні Қызылорда қаласында қазақтың қанына сіңген ұлттық спорт – бәйгеден Қазақстан чемпионатының 1-іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Бұл дүбірлі дода тек спорттық жарыс қана емес, ұлттық рухты жаңғыртатын, ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптейтін маңызды оқиғаға айналды. Ат тұяғы дүбірлеген далада халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениеті қайта жаңғырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Аталған ауқымды іс-шара Kusto Group акционері Қанат Көпбаев бастаған Бәйге федерациясы мен облыс әкімдігінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Айта кету керек, демеушілер қатарында біздің компания да бар. Бұл – ұлттық спортты қолдауға және дамытуға қосқан маңызды үлесіміз.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүйріктер қатысып, Шымкент, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарынан келген шабандоздар өз бақтарын сынады. Бұл өз кезегінде бәйгенің тек аймақтық емес, республикалық деңгейдегі маңызын айқындай түсті.
Көрермендер санының көптігі мен халықтың ерекше қызығушылығы бұл спорт түрінің қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді. Бәйге – тек жарыс емес, ол – ұлттың болмысы, тарихы мен рухының көрінісі.
Жарыс қорытындылары
ҚР туған құнандар арасындағы бәйге (7 км, 11 қатысушы):
1-орын – Байғасыр (Шымкент қаласы)
2-орын – Суықтөбе (Алматы облысы)
3-орын – Қызғалдақ (Жамбыл облысы)
4-орын – Күнқуар (Жетісу облысы, Талдықорған)
Құнан бәйге (7 км, 18 қатысушы):
1-орын – Қарақат (Жетісу облысы)
2-орын – Бақ (Алматы облысы)
3-орын – Сүлікқара (Алматы облысы)
4-орын – Еркеторы (Жамбыл облысы)
5-орын – Лашын (Қызылорда облысы)
Топ бәйге (12 км, 24 қатысушы):
1-орын – Орда (Алматы облысы)
2-орын – Айша (Павлодар облысы)
3-орын – Бозбиік (Алматы облысы)
4-орын – Мархаба (Алматы облысы)
5-орын – Қаранар (Жамбыл облысы)
Қазақстанда туған лар арасындағы аламан бәйге (18 км, 11 қатысушы):
1-орын – Шалкиіз (Алматы облысы)
2-орын – Тасқын (Жамбыл облысы)
3-орын – Маржан (Алматы облысы)
4-орын – Жасыбай (Павлодар облысы)
5-орын – Нарқасқа (Абай облысы)
Аламан бәйге:
1-орын – Найза (Жамбыл облысы)
2-орын – Шалқұйрық (Алматы облысы)
3-орын – Аврора (Жамбыл облысы)
4-орын – Ізбасар (Жетісу облысы)
5-орын – Салауат (Шымкент қаласы)
Бұл жарыс – ұлттық спорттың өміршеңдігін, оның халық жүрегіндегі орнын тағы бір мәрте айқындады. Бәйге – тек жылдамдық пен күштің жарысы емес, ол – ұлттың рухы мен бірлігінің символы.
Осындай ауқымды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Бәйге федерациясына, Қанат Көпбаев мырзаға және облыс әкімдігіне ерекше алғыс білдіреміз. Олардың қажырлы еңбегі мен жанашырлығының арқасында ұлттық спорт жаңа деңгейге көтеріліп, кеңінен насихатталуда.
Kazpetrol Group үшін мұндай бастамаларды қолдау – ұлттық құндылықтарды сақтау мен келешек ұрпаққа жеткізудің маңызды бөлігі.
.jpeg)
.jpeg)
11
