Жаңалықтар

Жария хабарлама

13 сәуір 2026
26

ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ДИСКЛЕЙМЕР

Осы арқылы «KAZPETROL GROUP» ЖШС және оның еншілес компаниясы «Галаз и Компания» ЖШС (бұдан әрі – Компаниялар) барлық мүдделі тұлғаларды төмендегілер туралы ресми түрде хабардар етеді:

Соңғы уақытта белгісіз тұлғалардың заңсыз әрекеттері тіркелуде. Олар ешқандай өкілеттігі болмағанына қарамастан, Компаниялардың фирмалық атауын, іскерлік беделін, тауарлық белгілерін және өзге де сәйкестендіру деректерін заңсыз пайдалануда.

Аталған тұлғалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып:

  • Компаниялардың ресми ресурстарына ұқсас жалған интернет-ресурстарды (сайттар, домендік атаулар және әлеуметтік желілердегі парақшалар) құруы мүмкін;

  • Жалған электрондық пошта мекенжайларын, мессенджерлерді және өзге де байланыс құралдарын пайдаланып хат алмасу жүргізіп, коммерциялық ұсыныстар жолдауы мүмкін;

  • Құрылтай құжаттарын, сенімхаттарды, шоттарды, шарттарды, фирмалық бланкілер мен мөрлерді қоса алғанда, жалған құжаттарды таратуы мүмкін;

  • Компания қызметкерлерінің жеке деректерін, аты-жөнін, лауазымдарын және өзге де мәліметтерін заңсыз пайдалануы мүмкін.

Аталған әрекеттер азаматтарды жаңылыстыруға және заңсыз материалдық пайда табуға бағытталған.

Компаниялар ресми түрде мәлімдейді:

  1. Компаниялар, олардың атынан әрекет етуге тиісті түрде өкілеттік берілмеген тұлғалармен өзара іс-қимыл нәтижесінде туындаған қандай да бір міндеттемелер, залалдар, мәмілелер немесе өзге де салдар үшін жауапты болмайды.

  2. Компаниялардың ресми байланыс арналары арқылы жіберілмеген кез келген құжаттар, ұсыныстар және өзге де хабарламалар Компаниялар үшін құқықтар мен міндеттемелер туындатпайды.

  3. Компания өкілдерінің өкілеттігі тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйес ресімделген тиісті құжаттармен (сенімхаттармен) ғана расталады.

  4. Компанияларда өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорау органдарына және сотқа жүгіну құқығы барын атап өтеді, оның ішінде келірілген залалды өндіріп алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту шааларын қолдану.

Компаниялардың ресми байланыс арналары:
(https://kzpg.kz/)

Ұсынатын кеңесіміз:

  • Алынған құжаттардың түпнұсқалығын және Компаниялар атынан әрекет ететін тұлғалардың өкілеттігін тексеру;

  • Іскерлік қатынастар мен қаржылық операцияларды тек контрагентті тиісті түрде тексергеннен кейін ғана жүзеге асыру;

  • Күмән туындаған жағдайда Компаниялардың ресми байланыс арналары арқылы дереу хабарласу.

Компаниялар атауын пайдаланумен байланысты үшінші тұлғалардың кез келген күмәнді өтініштері, ұсыныстары немесе әрекеттері ықтимал алаяқтық ретінде қарастырылуы тиіс.

Осы хабарлама жария сипатқа ие және Компаниялар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай