Жаңалықтар

Бас директордың үндеуі

12 қаңтар 2022
708

Құрметті әріптестер,

Барлығымыз елімізде 2022 жылдың қаңтарында болған қайғылы оқиғалардың куәсі болдық. Қала көшелеріндегі атыс, тонау сияқты ұғымдар бізге тек жаңалықтар лентасы экранынан ғана таныс еді және біздің басымыздан бұндай қайғылы оқиғалар болуы мүмкін деп біз ешқашан ойламаған едік.

Компаниямыздың басты құндылығы қызметкерлер болғандықтан, қызметкерлер қауіпсіздігі үшін компания 5 қаңтарда барлық кеңсе қызметкерлерін үйлеріне қайтарды, әрі қызметкерлерді үйлеріне жеткізуді ұйымдастырды. Сондай-ақ компания қызметкерлеріне 10 қаңтарға дейін үйде болуды бұйырдық. Алайда, 10 қаңтарда жағдай әлі тұрақсыз болғанына байланысты қызметкерлерге үйден жұмыс істеуді жалғастыру ұсынылды. 11 қаңтардан бастап кеңседе болуы қажет қызметкерлер үшін көлік ұйымдастырылды, қалғандары үйден жұмысын жалғастыруда. 13 мен 14 қаңтарда жұмыс күні сағат 8:30-нан 17-ге дейін болады. Таңертең мен кешке транспорт қамтамасыз етіледі. 17 қаңтардан бастап жұмыс тәртібі қалыптағыдай жүргізіледі.

Қайғылы жағдайды бәріміз де терең сезінеміз және мұндай жағдай қайталанбасын деп дұға етеміз. Жақындарынан айырылғандарға қайғырып, көңіл айтамыз.

Өмір біртіндеп жақсарып, тұрақтана бастады. Жақында өмірдің бұрынғы ырғағына ораламыз деп үміттенеміз. Біз рухымыз күшті халықпыз және бізді тізе бүктіру оңай емес. Баршаңызға денсаулық, көгілдір аспан тілеймін. Сіздердің отаншылдық деген сезіміңізге, туған жерге деген сүйіспеншілігіңізге күмәнім жоқ. Біздің күшіміз бірлікте.

«Kazpetrol Group» ЖШС бас директоры

Тоғызбаев Бақыт Құдайбергенұлы

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай