Жаңалықтар

Бәйге 2023, Қызылорда

15 маусым 2023
344

22 сәуірде Қызылорда қаласында бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты шеңберінде оңтүстік өңірлер арасында II-іріктеу турнирі басталды. 

Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және «Бәйге» Республикалық федерациясының президенті Қанат Көпбаев, «Kazpetrol Group» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы Оразхан Қарсыбеков қатысты.

Іс-шараны аша отырып, өңір басшысы Н. Нәлібаев халқымыздың менталитетінде терең тамыр жайған атқа міну мәдениетінің біздің тарихымыз және дәстүрлерімізбен байланысын атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы ұлттық спортты дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

  

«Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев жарысқа қатысушыларға табыс тілей отырып, бәйгенің халқымыз үшін маңыздылығын атап өтті: «Ат спорты, оның ішінде бәйге – халқымыздың ата-бабаларымыздың заманынан келе жатқан дәстүрі. Біздің қанымызда ат спорты бар. Бұл тек спорт түрі ғана емес, бұл ерекше мәдениет пен қолөнер, біздің ұлы ата-бабаларымыздың мұрасы. Біздің міндетіміз – ұлттық спортты дамыту және насихаттау. Бүгін спортшыларға сәттілік тілеймін!».

Қызылордада еліміздің түрлі өңірлерінен шыққан қатысушылардан 140-тан астам өтініш қабылданды.

Турнир аясында алғаш рет ұлттық киімдер байқауы ұйымдастырылды, оған 60-тан астам қыздарымыз қатысты. Қатысушылардың ұлттық киімдері тігін шеберлігі үшін және шығармашылық жағынан бағаланды. I орын иегері 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Бұл байқаудың демеушісі біздің компания болды.

Чемпионат ипподромда шамамен 6000 көрермен жинады, олар үшін негізгі жарыстардан басқа серіктестердің лотереялары, ұлттық ойындары бар аймақтар және Федерация Елшісі Асылбек Енсеповтың музыкалық бағдарламасы ұйымдастырылды. 

  

Іс-шараны Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Бәйге федерациясы» республикалық бірлестігі ұйымдастырды. 

Іс-шараның серіктестері: Kusto Group, Kazpetrol Group, Hyundai Bayon брендімен Astana Motors, Compass, Olimpbet.

Kazpetrol Group іс-шараның демеушісі ғана болып қалмай, оны ұйымдастыру процессіне де белсенді қатысты. Бұл ауқымды іс-шараны ұйымдастыру біздің команда үшін баға жетпес тәжірибе болды. Жергілікті әкімшілікпен тығыз байланыста бола тұрып, Бас директор Ержан Тазабеков бастаған, құрамына Ильяс Абуов, Қанат Ануарбек, Аслан Ақбаев және Мейрамкүл Ходжашова кірген команда ұйымдыстырумен байланысты орасан зор жұмыс атқарды.

Жергілікті әкімшіліктің, атап айтқанда Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы мен оның орынбасары Асылжан Жаманкуловтың үйлесімді жұмысын атап өткіміз келеді.

Іс-шара өз мақсатына жеткені сөзсіз – ол жоғары деңгейде өтті және жай ғана ойын-сауық іс-шарасы болып шыққан жоқ, сонымен қатар Қызылорда тұрғындарына отбасылық мереке сезімін сыйлады. Үзіліс кезінде ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер өткізілді: арқан тарту, қол күрес (армрестлинг), гирь көтеру (гирь спорты).

Біздің үлесімізді Бәйге Федерациясы жоғары бағалады және федерация президенті Қанат Көпбаев бәрімізге алғысын білдірді.


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай