Жаңалықтар

«KAZPETROL GROUP» ЖШС келісімшарттық аумағындағы өнеркәсіптік тур.

20 маусым 2023
418

Мұнай өндіру саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік процестерімен және ҒЗТКЖ қаржыландыру шеңберінде цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндігімен танысу мақсатында Tech Garden брендімен жұмыс істейтін ИТП ДКҚ компаниясы SIMP технологиялық платформасының IT-резиденттерінің қатысуымен жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік кәсіпорындарында өтетін турларды ашты.

Бірінші өнеркәсіптік тур біздің келісімшарттық аумақта өтті.

                     

Kazpetrol Group келісімшарттық аумағына келгеннен кейін компанияның техникалық директоры – Абибуллаев Талғат Қуанышбаевич, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы – Демесінов Эльдар Нұрболатович, жетекші инженер технолог – Унгаров Рахат Победович, кәсіпшілік бастығы – Залихов Дастан Рұстамұлы, бағдарламашы – Айдаров Сабит Рашидович және ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ инженері Таженов Нұрлан Темірович өнеркәсіптік турға қатысушыларды қарсы алды.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілгеннен кейін вахталық қалашық бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында жұмысшылардың және инженерлік-техникалық персоналдың тұрмысы туралы айтылды. Әрі қарай, бағдарлама бойынша топ ССС-3, Солтүстік Қайыркелді № 21 ұңғымасына, ССС-2, ОҚ МДП, БЖМС, ОҚ энергоблогына, МАС және химиялық реагенттер қоймасына барды. Тауарлық мұнайды өндіру және сатуға дайындау процесі қалай ұйымдастырылғанын, өнеркәсіптік жабдықтарды бақылау жүйелерін енгізу қажеттіліктерін және кен орнын цифрлық қайта жарақтандыру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берілді.


- Мен TechGarden компаниясымен бірінші жыл емес, қаттық қысымды ұстап тұру жүйесінің жобасын әзірлеу басталғаннан бері таныспын. Ол ҒЗТКЖ шеңберінде іске асырылды, оның қорытындысы бойынша біз МДП жүйесін салуға сауатты әзірленген жобаны алдық. Жалпы айтқанда, біз кен орнын цифрландыру тұрғысынан ынтымақтастықты жалғастырамыз. Жоғарыда айтқанымдай, біз EPC-келісімшарттарында цифрландыруды қарастырамыз: оның ішіне датчиктер, термометрлер, ақпаратты жинаудың жергілікті жүйелер кіреді; оларды кейіннен жобаның жаһандық архитектуралық схемасына одан әрі шығаратын боламыз. Бұл біздің компаниямыздың деңгейін дамудың жаңа кезеңіне көтеретініне сенімдімін, - деп «Kazpetrol Group» ЖШС техникалық директоры Абибуллаев Талғат түсініктеме берді.


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай