Жаңалықтар

Әлеуметтік көмек

12 қыркүйек 2019
2262

«Кедейлерге қайырымдылық қажет емес, оларға әділеттілік керек».

Изабелла Алленде 1942 ж

Алдыңғы жаңалықтардың бірінде компания Қызылорда қаласындағы үш көп балалы отбасын қалай қамқорлыққа алғандығы және тұрмыстық техника сатып алынғандығы туралы әңгімеледік.

Қолдау көрсету жоспарымыз бойынша, бұл отбасылардың балаларына мектеп формасы мен мектепке қажетті заттар сатып алу да кірген. Осы жылдың тамыз айында біз мектеп формасын, спорттық киімдер, әр балаға екі жұп аяқ киім және рюкзактар, колготкы мен шұлықтар және т.б. заттарды сатып алдық. Біз заттар сатып алған «Мастер Сауда» ЖК дүкені акцияға қатысып, қосымша жеңілдіктер беру арқылы үлес қосуды шешті, сол үшін оларға үлкен рахмет!

                         

Оқу құралдары да сатып алынды. Біз әр жастағы ерекшеліктерді барынша ескеріп, керек-жарақтардың жыл бойына жеткілікті екендігіне көз жеткізуге тырыстық.

Заттарды таңдап, сатып алып жатқанымызда балалардың жағымды эмоциялары  ерекше сезім  тудырды. Олар шын жүректен қуанып, таңдау процессіне мәз-мейрам болды. Осы үш отбасы аналары біздің компанияға алғыс сөздерін үйіп-төгіп айтып жатты. Шынында да, қаржылық тұрғыдан алғанда, көп балалы отбасылар үшін ең қиын нәрсе – балаларды мектепке дайындау.

Олардың алғыс сөздерімен бөлісейік:

«Мен Kazpetrol Group компаниясына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамын! Менің ризашылығымды білдіруге сөзім жетпейді. Сізге мейірімділігіңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін және сіздерге гүлдену, бизнесіңізге табыс және ұжымыңызға денсаулық тілеймін!»

«Балаларға мектепке дайындалуға көмектескеніңіз үшін көп рахмет. Сіздің компанияңыз гүлденіп, көп балалы аналарға көрсеткен қолдауыңыз үшін барлық ұжымыңызға үлкен рахмет! Құдай сізді жарылқап, зор денсаулық берсін! ”

«Мен компанияға және компания ұжымына, менің отбасыма демеушілік пен қайырылымдылық көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздер менің балаларымды мектепке басынан аяғына шейін қамтамасыз еттіңіз! Осы көмек арқылы сіздер біздің балаларымызға қуаныш сыйладыңыз, ал балалар біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе. Сіздің компанияңызға және бүкіл ұжымыңызға зор денсаулық, бақыт және барлық жақсылықты тілеймін! Сіз жасаған жақсылық үш есе қайтарылсын!»


                                 

Тағы бір жағымды жаңалықпен бөліскіміз келеді: біздің кен орнында қызмет ететін серіктестеріміз 90,000 теңге көлемінде қайырымдылыққа ақша жинады. Бұл ақшаны «Күн балалары» – Даун синдромы бар балалар мәселелерімен айналысатын «Шуақты Бөбек» қоғамдық қорына аударуды шешті. Қор осы балалардың аналарына тренингтер өткізеді және қолдау көрсетеді, сондай-ақ өз қажеттіліктеріне қаражат жинау үшін Қызылордада қайырымдылық концертін өткізді.

Қор өкілдері көрсетілген көмек үшін ризашылықтарын білдіріп, аударылған сома олардың сырттан алған алғашқы маңызды салым екенін атап өтті.

            

Шындығында, жақсылық – бұл адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да бақытты ететін адамгершілік көрінісі. Жақсылық жасау жұқпалы болғаны дұрыс. Күн сайын игі істер жасай отырып, жасаған жақсылығыңыз өзіңізге міндетті түрде оралатынына сенімді болыңыз.

 

Жақсылық жасаңыз, бір-біріңізді жақсы көріңіз және бақытты болыңыз!

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай