Жаңалықтар

Жер күні

16 маусым 2023
404

Ағаштар әлемдегі қалалардың өкпесі, бауыры және соғып тұрған жүрегі болып табылады және олар бүкіл әлемде таза, өмір сүруге қолайлы және экологиялық тұрақты қалаларды құру үшін өте маңызды.

Ағаштар климаттың өзгеруінің әсерін жеңілдетуде және ауа сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады әрі өмір сүру үшін қалалардың қоршаған ортасын жақсартады. Олар ыстық климаты бар қалалар үшін де өте маңызды, өйткені, қалаларда ағаштарды ойластырып отырғызу ауа температурасының Цельсий бойынша екі-сегіз градусқа дейін төмендеуін қамтамасыз ете алады, соның арқасында қалалық жылу сәл төзімді болады. Үлкен ағаштар ластаушы газдарды да тиімді сіңіреді және ауадағы ұсақ бөлшектерді, соның ішінде шаң, кір және түтінді жапырақтары мен қабығында ұстау арқылы сүзеді. 

Сонымен қатар, олар тек қоршаған ортаға ғана пайдалы емес – ағаштар бізге, адамдарға да оң әсерін тигізеді. Зерттеулерге жүгінсек, жасыл аймақтарға жақын жерде тұру жоғары қан қысымы мен стрессті азайту сияқты әсерлері арқылы физикалық және психикалық денсаулықты жақсарта алады. 

Сондықтан бізде қоғам, бизнес және жергілікті басқарма арасындағы бірлескен күш-жігермен әртүрлі ағаш отырғызу жобалары іске асырылып отырады.

2023 жылғы 24 сәуірде өткен «Жасыл үй. Халықаларық Жер ана күні» іс -шарасы аясында KAZPETROL GROUP ЖШС демеушілік көмек ретінде Қызылорда қаласының әкімдігі бөлген учаскелерге ағаш отырғызды.

«Тағзам алаңы» саябағында қылқан жапырақты қарағай, туя, алма, шие және өрік сорттарынан 80 көшет отырғызылды.

Ағаш отырғызуға компанияның әкімшілік кеңсесінің барлық бөлімшелерінің және Галаз компаниясының өкілдері белсенді қатысты.

Компания басшылығына және барлық қатысушыларға қаламызды көгалдандырғаны үшін алғыс білдіреміз. Біз сүйікті қаламызды көгалдандыруға шағын болса да, салмақты үлес қостық деп мақтанышпен айта аламыз.

                      

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай