Жаңалықтар

Наурыз мейрамы

15 маусым 2023
342

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз, 22 наурыз – Жаңа жылдың бірінші күні болып саналады және көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен сәйкес келеді. «Наурыз» «көктемнің тууы» дегенді білдіреді. Берекелі тойланған Наурыз үйге бір жыл бойы молшылық пен табыс әкеледі деп саналады.

Қазақстан халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат, құнарлылық пен достық салтанатының символы болып табылады.


Наурыздың ежелгі дәстүрлерін сақтай отырып, биылғы жылы мереке ерекше басталды: біз, HR-бөлімі, компания бөлімдері арасында Наурызға орай түрлі түстермен безендіру тақырыбында конкурс жарияладық (қатысушылар түстерді жеребе тарту арқылы таңдады). Барлық әріптестерімізге осы байқауға белсенді қатысқаны және креативті көзқарасы үшін алғыс айтамыз!

1 орын – күрделі құрылыс бөліміне ең креативті тәсіл үшін, 2 орын – материалдық-техникалық жабдықтау бөліміне ең бай безендіру үшін, 3 орын – геология және барлау бөліміне дизайнның ашықтығы мен жарықтығы үшін берілді.


Ауа райы жылығаннан кейін 21 сәуірде біз Наурыз мерекесін ашық ауада өткіздік. Сонымен қатар, біздің мерекеміз Ораза айттың ұлы мерекесі күнімен сәйкес келді. Тіпті табиғат та бізді керемет шуақты ауа-райымен қуантты. 

Мереке қонақтарын Қазақ ұлттық оркестрінің орындауындағы ұлттық музыка, берекелі дастарханы бар әдемі ақ қанатты киіз үйлер, алтыбақан, құдіретті батырлары бар Қазақ киіз үйіндегі фотоаймақ күтіп тұрды. Балаларға кәмпиттерге толы Candy bar ұйымдастырылды, аниматорлар балалармен көңілді демалыс өткізді.


Мереке жүргізушісі қонақтармен түрлі конкурстар мен ұлттық ойындар өткізді: 

·        Үздік қазақ костюмі байқауы;

·        Қыздар мен ерлер арасындағы би байқауы (Dance battle);

·        Асық ату, ләңгі тебу, қол күрес;

·        Би флешмобы.

Ойындар мен конкурстар арасында қонақтар дуэт орындауындағы қазақ әндерін және қазақ ұлттық ансамблінің қыздарының әдемі билерін тамашалады.

Компания ұсынған бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны мерекеге қатысушылардың көңілін ерекше көтерді.

Біздің корпоративтік вокалдық-аспаптық ансамбльдің өнері де таң қалдырды, оның құрамына Тазабеков Ержан Какимович, Абибуллаев Талғат Қуанышбаевич, Устармагатов Вячеслав, Байназар Дастан, Ануарбек Қанат, Ходжашова Мейрамкүл, сондай-ақ ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Туровский Валерий Антонович кірді. Ансамбль қонақтарға «Наурыз», «Көзімнің қарасы», «Қайдасың», «Мен сені жақсы көремін» және «Жан досым» сияқты бірқатар қазақ әндерін орындады.

«KAZPETROL GROUP» ЖШС басшылығына қолдау көрсеткені үшін, МТЖБ әріптестерімізге мерекені ұйымдастыруға көмектескені үшін, сондай-ақ «Arai Food» ЖШС-не тамаша дастархан мен сапалы қызмет көрсеткені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз! 


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай